© Photo: 24.kz
Костенко атындағы шахтада болған жарылысқа қатысты тергеу шаралары аяқталуға жақын, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"46 кеншінің өмірін қиған Костенко шахтасындағы жарылыстарға қатысты тергеу аяқталып жатыр. Шахтаның 9 лауазымды адамы күдікті деп танылып, қамауға алынды", - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін көмір өндіру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамаған деген күдікпен 7 адамның ұсталғаны хабарланған болатын.
Еске салайық, былтыр 28 қазанда көмір шахтасында жарылыс болып, салдарынан 46 адам қаза тапты. Тағы 28 кенші жарақат алған. Оқиғаның себебін тексеру бойынша құрылған үкіметтік комиссия трагедияға 100% жұмыс беруші кінәлі деген қорытынды шығарды.