27 қар, 2017 сағат 13:00

Қостанайдың басты шыршасы Тәуелсіздік күні жағылады

16 желтоқсан күні облыс орталығы - Қостанай қаласында биіктігі 22 метрлік шырша орнатылады. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен жиында айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚазАқпарат агенттігіне сілтем жасап.

Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қарлығаш Мадиярованың айтуынша, басты шырша 600 жарықдиодты пиксельдермен безендіріледі.

«16 желтоқсанда сағат 12:00-де облыстық әкімшілік алдында концерттік бағдарлама өтеді. Осы күні кешке басты шырша жағылады. Бұған қоса, Гашек көшесі мен КСК шағын ауданында тағы екі шырша орнатылады. Тобыл өзенінің жағалауында сырғанақ тұрғызылып, орталықта мұз қалашығы бой көтереді», - деді бөлім басшысы.

Жалпы, қаланы Жаңа жыл мерекесіне орай безендіруге 18 млн теңге бөлінген. Дайындық жұмыстары 1 желтоқсанда басталады.