Қостанай қаласының кей көшелері жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады. Бұл туралы, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
29-30 тамыз күндері Лермонтов-Алтынсарин көшелерінде жол қозғалысы тоқтатылады. Себебі, Лермонтов көшесіндегі құрылыс-монтаждық жұмыстар әлі бітпеген.
Сондай-ақ, 28-31 тамыз аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты облыс орталығындағы бірнеше көшеде электр жарығы сөндіріледі.
28-29 тамызда сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін Майлин көшесі, 2, 2/2, 17, 19, 21, Дзержинский көшесі, 14, 14 а, әл-Фараби көшесі, 121, 123, Архив, Статистика департаменті, Әділет департаменті орналасқан аймақта 31 тамызда сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін Абай көшесі, 52, 54а, Хакімжанова көшесі, 5/2, №7 балабақша, OIL-орталық, Абай даңғылындағы 44-62, 72/2-78/4 жеке тұрғын үйлерде жарық болмайды.