21 қазан күні Қостанай қаласында телекөпір арқылы KIA Qazaqstan зауытының ресми ашылу салтанаты өтті, деп жазады Ult.kz.
Іс-шара кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев KIA Corporation компаниясының президенті Хо-сунг Сонгқа «Достық» ІІ дәрежелі орденін табыс етті.
"Біз Сіздің қазақ-корей ынтымақтастығын дамыту мен екі ел халқы арасындағы достық байланыстарды нығайтуға сіңірген еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Сіз еліміздің автокөлік өндірісінің дамуына елеулі үлес қостыңыз", – деді Президент.
Марапатты табыстау рәсімі Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасына сәйкес Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен өтті.
