Фото: ҚР ТЖМ
Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасы 92%-ға толы. Мұнда 489 миллион текше метр су жиналды.
Солтүстік Қазақстан облысының екі ірі су қоймасы 100% су жинады
Батыс Қазақстан облысындағы 4 ірі су қоймасы орта есеппен 68%-ға толды.
Шығыс Қазақстан облысында үш ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 84,6%.
Ақмола облысының екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 99%, екі нысан да транзиттік режимде жұмыс істеп жатыр
Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасы 98%-ға толы. Су тасқыны кезінде су қоймаларына 218 миллион текше метрден астам су жиналды.
Қарағанды облысының 4 ірі су қоймасы 100% толды. Су тасқыны кезінде су қоймаларына 192 миллион текше метрден астам су жиналды.