29 қыр, 2016 сағат 18:59

Көшеде дәрет сындырған полицей жұмыстан шығарылды

Көшеде дәрет сындырған полицей жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. 

"Қызметтік тексерістердің қорытындысында және тәртіптік комиссияның ұсынысы бойынша ішкі істер органдарының абыройына нұқсан келтіретін ісі үшін Түрксіб аудандық жергілікті полиция қызметінің полицейі ішкі істер органдарынан жұмысынан шығарылды. Оның әріптесі, көлік иесі қызметінен босатылды. Олардың басшысы да тәртіптік жазаға тартылды", - делінген хабарламада.

Оқиға Алматы көшелерінің бірінде болған. Әлеуметтік желілерде көлікте отырып, дәрет сындырған полицейдің суреті жария болған. Кейін полицей ол Алматы қаласының Түрсіб аудандық жергілікті полиция қызметінің қызметкері болып шыққан еді.