01 шіл, 2021 сағат 23:55

"Қорқақтар" - Назарбаев шетелдегі оппозиционерлерді сынға алды


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелде жүрген оппозиционерлерге қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Сіздің көптеген саяси қарсыласыңыз Қазақстаннан тыс жерде қарсы шыға бастады. Олар сол жақтан пікір айтып, жағдайды тұрақсыздандырады. Бұл туралы ойыңыз қандай?", - деп сұрады журналист Айгүл Әділова "Штрихи к портрету" деректі фильмі аясында. 

"Қорқақтар. Егер бір нәрсе айтқың келсе, елге келіп айт. Егер өзіңе сенімді болсаң, онда барлық жүкті өзің көтеріп, дәлелде. Мұнда ақша ұрлап кетті - бұл әділетті емес қой. Сондықтан мен оған жайбарақат қараймын. Ең өкініштісі, оларды мен төменнен көтеріп, бірін министр, бірін банкир, бірін бай қылғанмын. Ұрлайтынын ұрлап, тексеру басталған кезде, ұсталайын деп тұрған сәтте бұл жерден қашып кетті. Бәрі сондай. Жанжалсыз көшіп, сол жақта тұрып жатқан, кем дегенде, бір адамды айтыңызшы - жоқ, бәрі қашқын. Солар үшін қынжыламын", - деді Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы сатқындар туралы айтты.

"Сатқындар, әрине, қынжылтады, сатқындар ешқашан өміріне қол салмайды, өйткені олардың бойында істеген ісі үшін құрт отырады, оның қателескенін, өз еліне және халқына қарсы болғанын білдіреді. Ол әрдайым осында, өз елінде, халқының арасында бүлік болғанын қалайды. Бұл не? Бұл дұрыс па? Сондықтан мүлдем алаңдамаймын - олар алуы тиіс нәрсені алады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.