Фото: ҚР ҚМ
Дәурен Қосанов Қарағандыдағы 31775 әскери бөліміне ескертусіз барған, деп хабарлайды Ult.kz.
Ол сарбаздарға берілетін тамақтың сапасын тексерді.
Дастархан басында сарбаздармен әңгімелескен министр олардың жағдайын сұрап білді.
«Мұндай сапарлар объективті көрініске көз жеткізуге, кемшіліктерді тез анықтап, туындаған мәселелерді оң шешуге мүмкіндік береді», - деді Қосанов.
