09 қаз, 2025 сағат 11:26

Корей бет күтімінің негізгі ережелері қандай?


Фото: aumishop.ru

Кореялық бет күтімі әдетте 10 қадамнан тұрады. Бет күтімінің бұл түрінде теріні терең тазалап, ылғалдандырып, қоректендіру бірдей қарастырылған. Сондықтан корейліктердің бет терісі өте таза, сау көрінеді, әрі жылтырап тұрады. Бұл туралы Ult.kz хабарлайды.

Кореялықтардың әйелдері ғана емес, ерлері де бет күтіміне аса мән береді. Сондықтан Оңтүстік Корея косметика брендтері ерлер мен әйелдердің тері ерекшеліктеріне қарай ерлер және әйелдерге арналған деп те күтім косметикасын шығарады. Бет күтімінің 10 қадамын халықтың басым көпшілігі үзбей орындап отыруға тырысады.

1 қадам: Макияж бен күннен қорғайтын крем қалдықтарын ерітетін майлы тазартқыш корей әйелдерінің ғана емес, ерлерінің де күнделікті қолданысында бар.

2 қадам: Бет тазалығына аса мән беретін кәрістер терідегі артық май мен кірді кетіру үшін әдетте бетті гель немесе көбікпен жуады.

3 қадам: Корея тұрғындары аптасына 1–2 рет өлі жасушаларды жұмсақ түрде алып тастау үшін пилинг немесе скраб қолдануды жөн көреді.

4 қадам: Терінің рН деңгейін қалпына келтіріп, кейінгі күтімге дайындайды. Ол үшін тонерді бетке жағу керек.

5 қадам: Эссенция қолдану күнделікті жасалатын бет күтімі ритуалдарының бірі. Ол теріні ылғалдандырып, регенерация процесін бастау үшін қажет.

6 қадам: Сарысу пигмент, безеу, әжім сияқты нақты мәселелерге бағытталған белсенді құрам.

7 қадам: Әдетте аптасына 2–3 рет теріні терең ылғалдандырып, қоректендіріп және нәрлендіру үшін маска жасаған жөн.

8 қадам: Жұқа, әрі нәзік теріге кореялықтар ерекше күтім жасайды. Көз айналасына арналған кремді әжім мен қара шеңбердің алдын алу үшін күнделікті қолдануға болады. Айтпақшы, көз айналысына арналған патчиді де аптасына 1-2 рет қолданып тұрған абзал.

9 қадам: Қолданылған барлық өнімдердің әсерін ұстап тұру үшін және бет терісін қоректендіріп, ылғалды сақтау үшін бетке арналған ылғалдандырғыш крем жаққан дұрыс.

10 қадам: Күндізгі күтімнің ең маңызды бөлігі, теріні ультракүлгін сәулелерден қорғау үшін күнделікті таңертең бетке күннен қорғайтын крем, яғни SPF кремін жаққан жөн.

Бет күтімі ритуалы таңғы және кешкі болып бөлінетінін айта кеткен маңызды.

Таңғы күтім: Бетті гель немесе көбікпен жуу, тонер, сарысу немесе эссенция, Ылғалдандырғыш крем және Күннен қорғайтын, яғни SPF крем жағу міндетті.

Кешке, ұйқыға жатар алдындағы бет күтімі: Макияж бен SPF кремді майлы тазартқышпен кетіру керек. Тонер,  сарысу немесе эссенция, көзге арналған крем, бетке арналған крем.