01 қаз, 2020 сағат 09:57

Қор биржасында доллар бағасы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы өзгерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бейсенбі күнгі сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 30 қыркүйек кешімен салыстырғанда 2,27 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 429,54 теңгені құраған.

Ұлттық банктің 1 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 431,82теңге.