15 қаз, 2020 сағат 09:40

Қор биржасында доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Таңғы сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 14 қазанның кешімен салыстырғанда 1,40 теңгеге төмендеп, 1 доллар үшін 427,46 теңгені құраған. 

Ұлттық банктің 15 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 428,87 теңге.

Айта кету керек, бұған дейін доллар бірнеше күнге қатарынан қымбаттаған болатын.