Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов Парижде өнер көрсетіп жатқан спортшылармен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" федерацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.
Жеңіл атлеттермен кездесу барысында Даниал Ахметов спортшыларды қолдау мақсатында қолдан келген шараның бәрін жасайтынын айтты.
"Федерация президенті Даниал Кенжетайұлы спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсету мақсатында жеңіл атлетика командасымен кездесу өткізді. Президент команданың әрбір мүшесінің маңыздылығын атап өтіп, федерация алдағы уақытта да дайындық пен өнер көрсету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын екенін атап өтті", - делінген федерацияның әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Даниал Ахметов 2018 жылы Қазақстан Республикасы жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланған болатын.