21 қар, 2021 сағат 08:35

Конькимен жүгіруден әлем кубогы: Екатерина Айдова финалда ондыққа енді


Норвегияда конькимен жүгіруден әлем кубогінің екінші кезеңі жалғасуда. Қазақстан ерлер командасы спринттен финалда өнер көрсетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Командалық спринтте қазақстандықтар жеңімпаздан 2.77 секундқа ұтылып, жетінші орын иеленді. 

Бұл бәсекеде Қытай командасы алтын жүлдегер атанса, күмісті Норвегия, қоланы Польша спортшылары еншіледі. 

10 000 метрге жарысудан В тобында сынға түскен Бағдәулет Сағатов 28-ші, Виталий Щиголев 30-шы, Максим Баклашкин 31-ші орынға тұрақтады. 

Екатерина Айдова 500 метрге жарысудан В тобында 10-шы орын алса, Евгений Кошкин 18-ші, Иван Аржаников 25-ші орын алды.