12 қыр, 2025 сағат 16:38

Қонаев қаласы «Тазарту» жобсы аясында толықтай талшықты-оптикалық байланыс желісіне ауыстырылды.


«Қазақтелеком» АҚ «Тазарту» жобасы аясында өңірдегі ескірген мыс желілерінен талшықты-оптикалық байланыс желісіне ауыстыру жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. Осы орайда Қонаев қаласы еліміздегі мыс желісінен арылған үшінші қала және бірінші облыс орталығы болды. Облыс орталығы толықтай талшықты-оптикалық байланыс желісіне ауыстырылды.

Қонаев қаласы бойынша жобаны жүзеге асыру барысында ауқымды инфрақұрылымдық жұмыстар атқарылды:

11 200 метр магистральды оптикалық кабель тартылды

65 900 метр тарату желісінің оптикалық кабелі жүргізілді

255 дана темір-бетон бағаналары орнатылды

1200 метр телефон канализациясы салынды

19 ықшамауданда бір ОРШ орнатылды

АТС-ке 1 оптикалық кросс (384 порт) қойылды

300 дана ОРКсп 1*8 бөлгіш орнатылды

48 дана оптикалық муфта құрылды

Сонымен қатар, 6 МАД және 5 ОРШ базасында 1800 абонент мыс желісінен оптикаға ауыстырылды. Нәтижесінде 6 МАД толықтай босатылды.

Бұл жұмыстар Қонаев тұрғындарына сапалы әрі жоғары жылдамдықтағы интернет қызметін пайдалануға мүмкіндік береді. Талшықты-оптикалық байланыс тек қазіргі заманғы талап қана емес, болашақтың тұрақты инфрақұрылымы.

«Қазақтелеком» АҚ алдағы уақытта да өңірлерде «Тазарту» жобасын жалғастырып, халыққа заманауи әрі сенімді байланыс қызметін ұсынуды жалғастырады.