Фото: korter.kz
G Park компаниясы "Мадрид 2" тұрғын үй кешені үшін басы дауға қалып отыр деп хабарлайды Ult.kz azilde.kz instagram парақшасында сілтеме жасап.
Астанадағы "Мадрид 2" тұрғын үй кешені тұрғындары үйдің сапасына шағымданып, наразылыққа шыққан. Олар G Park компаниясы мен қала ауданы әкімдігі өкілдерімен кездесу өткізіп, наздарын жеткізген.
"G Park -тың, именно "Мадридтің" адамдары сыртқа шығып жатыр. Проблемалары акиматқа да айтылып жатыр, G Park компаниясына да айтылып жатыр, бірақ ештаңа жасалып жатқан жоқ. В плане того что, крышадан су ағу, паркинг, лифтовой башняның ішінде су толып қалған. Қаншама жерлерді ток, пожарная безопасность, ештеңе жасалмағандықтан қазір соседтер акиматқа предупреждение берді. Ответ күтеміз", -дейді видео авторы.
Наразылыққа шыққандардың бірі тұрғындар үндерін естірте алмай жүргендеріне 2 жыл болғанын айтып отыр.
"Лифт шахтасында қарапайым гидроизоляция жасатуға қол жеткізе алмай жүргенімізге 2 жыл болды. Қоршау жоқ, ағаш жоқ, ауыстыру жоқ, ештеңе жоқ", -деп ашынды ол.
Тұрғындардың мәселесі наразылыққа шыққанмен шешіле қоймаған. Мадридтіктердің уәжін естуге әкімдік пен G Park компаниясы өкілдері келген, олар 27 мамыр күні "Мадрид 2" тұрғын үй кешеніне келіп, барлық қажетті жұмыстарды жасап бітіруге уәде еткен. Тұрғындар мәселеміз 27 мамырға дейін шешілмесе қайта наразылыққа шығамыз деп отыр.
