Журналист Майкл Бенсон комаға түскен Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
6 қарашада Ербосынұлы (16-1, 11 КО) кубалық Давид Моррельмен (8-0, 7 КО) супер орта салмақта жұдырықтасып, 12-раундта нокаутпен жеңіліп қалған. Айдостың жағдайы нашар болған соң оны рингтен зембілмен көтеріп алып кеткен еді. Осыдан кейін боксшы ауруханада миына қан кеткен деген диагнозбен жасанды комаға түскен болатын.
"Айдос Ербосынұлы сенбі кешкісін Давид Моррельден соңғы раундта нокаутқа түскеннен кейін әлі де ауруханада және сол күйі медикаментозды кома жағдайында жатыр", - деп жазды Бенсон Twitter-де.