22 жел, 2025 сағат 18:02

«Көлігіне жарылғыш қойған»: Мәскеуде Ресей әскерінің генералын өлтіріп кетті

Фото: ашық дереккөз

Мәскеудегі бір үйдің ауласында көлік жарылды. Көліктің ішінде болған Ресей Қарулы Күштерінің Бас штабының басшысы қаза тапты.

Жергілікті БАҚ мәліметіне қарағанда, жарылыс 22 желтоқсан күні таңертең Ясенев көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, Kia Sorento көлігін жүргізуші мінген соң, бірнеше метр жүріп барып жарылған. Жарылыстан кем дегенде жеті көлік шынысы сынып, зақымданған.

Ресейдің Тергеу комитеті әскери қызметкердің қазасына байланысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу нұсқасы бойынша, жарылған көліктің астына орнатылған жарылғыш құрылғы қашықтан іске қосылған.

«Алған жарақаттарынан Ресей Қарулы Күштерінің Бас штабының шұғыл даярлық басқармасының басшысы, генерал-лейтенант Фанил Сарваров қаза тапты», — деп хабарлады тергеу комитеті.