Көкшетаудың іргесінде орналасқан ауыл үйлерін су шайып, 43 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ТЖД мәліметі бойынша төтенше жағдай ағымдағы жылдың 11 сәуірінде таңғы 05:45 шамасында Зеренді ауданының Шағалалы ауылында орын алған.
"Шағалалы өзенінің суы көтерілуі салдарынан ауылдағы 4 үй мен 9 үйдің ауласын су шайып кетті. Осының салдарынан 43 адам (оның ішінде 9 бала) және 154-ке жуық үй жануарлары қауіпсіз жерге көшірілді.
Қазіргі кезде су сору жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан 21 адам және 9 техника мен 4 жүзу құралы, жергілікті атқарушы органдардан 3 адам және 1 техника, жергілікті полиция қызметінен 4 адам және 1 техника жұмылдырылып, су тасқынының салдарын жою шараларын жүргізуде", - деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметінен.