25 жел, 2023 сағат 10:57

Көкшетауда айы-күні жақындаған жүкті әйел қайтыс болды

Фото: ©️ depositphotos.com

Көкшетауда айы-күні жақындаған жүкті әйел қайтыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша оның іші ауырып, дене қызуы көтерілген. Тіпті, әйелді бірнеше рет жедел жәрдем алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты 716.kz-ке сілтеме жасап. 

Нәрестені де құтқару мүмкін болмаған. Марқұмның артында екі баласы қалды. Әйел қаланың емханаларының бірінде есепте тұрыпты.

Желі қолданушыларының бірі марқұм небәрі 34 жаста екенін жазды.

"Ауруханалар (перзентхана!!!) жүкті әйелді неге қабылдамайтынын түсінбеймін!!! Екі аурухана қабылдаудан бас тартқан. Апат емес, ауыр ауру емес, ЖРВИ. Мына заманда адам ЖРВИ-дан қайтыс болып жатыр! Небәрі 34 жастағы әйел", - деп жазды ол.