03 нау, 2022 сағат 23:46

ҚХЛ: «Барыс» плей-оффта «Металлург» командасымен екінші ойынын өткізді


Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысында бүгін ресейлік «Металлург» (Магнитогорск) командасымен екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында қазақстандық клуб алғашқы болып есеп ашты. Оны 1-минутта Якоб Лилья өзінің еншісіне жазды. 

Одан кейін ресейлік клуб сапынан Андрей Чибисов (5, 21-минут), Григорий Дронов (15-минут), Филипп Майе (30-минут), Брендан Лайпсик (32-минут), Джош Карри (45-минут) қатарынан бес шайба соғып кетті. 

«Барыс» сапынан 57-минутта Якоб Берглунд есеп айырмасын қысқартты. Бұдан кейін таблодағы есеп өзгерген жоқ. Елордалық клуб қарсыласына 2:6 есебімен есе жіберді. 

Енді екі кездесу 5 және 7 наурызда елордада болады. 

Одан кейінгі екі ойын 9 наурызда Магнитогорскіде, 11 наурызда астанада өтеді.

Екі команда бұған дейін плей-офф сатысында төрт мәрте жолықты. Оның екеуінде «Барыс» жарыс жалғастырса, екеуінде «Металлург» клубының жолы болды. 

Еске салсақ, Магнитогорскіде өткен алғашқы кездесуде «Барыс» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.