10 шіл, 2021 сағат 18:58

ҚХЛ: «Барыс» алғашқы ойынын елордада өткізеді


Елордалық «Барыс» жаңа маусымдағы құрлықтық хоккей лигасының алғашқы төрт ойынын өз айдынында өткізеді.

Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қазақстандық клуб алғашқы кездесуінде 3 қыркүйекте Ресейдің «Салават Юлаевын» қабылдайды. Одан кейін сол елдің «Металлургымен» 5, «Амурымен» 8 қыркүйекте мұз айдынға шығады. Төртінші ойын 11 қыркүйекте тағы бір ресейлік «Спартакқа» қарсы өтеді. 

Одан кейінгі үш кездесу Ресей, Латвия және Финляндияда жалғасады. Алдымен 14 қыркүйекте Мәскеуде ЦСКА-мен шеберлік байқасса, одан кейінгі ойындар 16 қыркүйекте Ригада «Динаиомен», 18 қыркүйекте Хельсинкиде «Йокеритпен» болады. 

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында «Барыс» соңғы кездесуінде Ресейде «Автомобилистпен» тартысқа түседі.