12 қаз, 2016 сағат 08:42

КХДР АҚШ-тың әскери нысандарына соққы жасауға әзірлігін мәлімдеді

- Вашингтонның әскери басымдылығына қарамастан, КХДР Құрама Штаттарға қарсы тұруға әзір.

Бұл туралы Ресейдегі КХДР елшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Росбалт» агенттігіне сілтеме жасап.

«АҚШ өзінің әскери-техникалық артықшылығын жарнамалауда, бірақ Солтүстік Корея бәріне дайын - шабуылға да, қорғанысқа да», - делінген мәлімдемеде.

Пхеньян өзінің стратегиялық жасағы әлемнің кез келген нүктесіне соққы жасай алатынын және стратегиялық мақсаттағы сүңгуір қайықтары кез келген су айдынына баллистикалық зымырандар жібере алатынын, америкалық әскери базалар мен объектілерді нысанаға алғандарын айтуда», - деп жазды «Коммерсант».