Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының үздігі Кирилл Герасименко Олимпиада лицензиясына ие болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, жолдама Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) әлемдік рейтингіндегі позицияларына сәйкес квоталарды үлестіру барысында беріліп отыр.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда үстел теннисінен Қазақстан құрамасыны қоржынында Олимпиада ойындарына 2 жолдама бар. Осыған дейін Анастасия Лаврова Орталық Азия аймағының іріктеу жарысында топ жарып, Токио Олимпиадасына жолдама ұтып алған болатын.