Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram-парақшасында жазба қалдырып, Екібастұздағы ЖЭО-да болған апатқа қатысты кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Екібастұздағы халықтың жағдайы үшін алаңдап отырғанымды айтпасам да түсінікті болар. Менің парақшамды көптеген басқа мемлекеттің адамдары оқитын болғасын, ішкі мәселемізді сыртқа шығарғым келмеп еді, бірақ мына далада қалған аналарымыздың көз жасы зая кетпесін десеңіздер, ЖЭО басшысынан бастап, кінәлілердің барлығы жауапқа тартылып, жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін", - деді жазды әнші.