Фото: ашық дереккөз
Бұл туралы Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
Ол мәжіліс депутаттарына кибералаяқтарға қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату керектігін ескертті. Осы орайда тиісті комитетке шұғыл түрде заң нормаларын дайындау тапсырылды.
Сонымен қатар интернет алаяқтықтың орын алуына ықпал ететін барлық тұлғалар жауапкершілікке тартылуы қажеттігін ескертті. Оның ішінде мобильді операторлар, дропперлар, қаржы ұйымдарының қызметкерлері де бар екенін атап өтті.
«Елімізде интернет алаяқтыққа қарсы күрес жүріп жатыр. Оған қарамастан кибер қылмыстар толастамай тұр. Сондықтан кибер кеңістікте жауапкершілікті күшейту өте маңызды. Кибер шабуылдың басым бөлігі шетелден келетіні және трансұлттық сипатта екені белгілі. Бірақ жауапкершілік осы тізбектің барлық қатысушыларына бірдей қарастырылуы керек», - деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.