Фото: NUR.KZ
Алматыда хостелдегі өрт салдарынан қаза тапқандардың жеке басы анықталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдік (Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы), тағы 9-ы - Қазақстан Республикасының азаматы.
Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаза тапқандардың екеуі шетелдік, қалған 11-і қазақстандық екенін хабарлаған болатын.
Еске сала кетейік, 30 қарашада таңертең Алматыда Әди Шәріпов көшесіндегі хостелде өрт шығып, алдын ала мәлімет бойынша 13 адам қаза тапты.