Ригада өткен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) мемлекеттердің жыл сайынғы рейтингін ұсынды. Онда Қазақстан 16-орыннан 13-ке көтерілді, деп хабарлайды sports.kz.
Биыл Қазақстан Ұлыбританиямен бірге айтарлықтай прогресс көрсетті. Британия елі де үш позицияға, 19-дан 16-орынға, көтерілді. Тізімнің басында Канада тұр. Бұл ретте, әлем чемпионатының жалпы турнир кестесінде топтық кезеңде төрт жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы 10-орынға ие болды.
Айта кетейік, Қазақстанның әлемдік рейтингідегі ең жоғары позициясы – 2006 жыл, 11-орын (Турин Олимпиадасы мен элитадағы екі әлем чемпионатынан кейін).
IIHF рейтингі:
1. Канада — 3235 ұпай
2. Финляндия — 3125 ұпай (+1)
3. Ресей — 3050 ұпай (-1)
4. АҚШ — 2945 ұпай (+2)
5. Германия — 2905 ұпай (+2)
6. Чехия — 2895 ұпай (-1)
7. Швеция — 2880 ұпай (-3)
8. Швейцария — 2815 ұпай
9. Словакия — 2670 ұпай
10. Латвия — 2560 ұпай
11. Норвегия — 2490 ұпай
12. Дания — 2470 ұпай
13. Қазақстан — 2365 ұпай (+3)
14. Беларусь — 2320 ұпай (-1)
15. Франция — 2295 ұпай (-1)
16. Ұлыбритания — 2280 ұпай (+3)
17. Италия — 2280 ұпай (-2)
18. Австрия — 2185 ұпай (-1)
19. Оңтүстік Корея — 2140 ұпай (-1)
20. Словения — 2085 ұпай