21 ақп, 2022 сағат 19:53

Хоккей: «Барыс» мәскеулік «Спартактан» басым түсті


Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына дайындық мақсатында бүгін ресейлік «Спартак» (Мәскеу) командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәскеу қаласындағы «Лужники» аренасында өткізілген ойында қазақстандық клуб қарсыласынан 7:2 есебімен басым түсті. 

Алғашқы кезеңде «Барыс» сапынан Егор Петухов (5 және 8-минуттарда) екі шайба соқты. 

Одан кейін Кертис Волк (10-минут) және Якоба Берглунда (14-минут) мергендігімен көзге түсті. 

Екінші кезеңде Кирилл Савицкий (25-минут) және Әлихан Әсетов (32-минут), үшінші кезеңде Кертис Волк (50-минут) есепті ұлғайта түсті. 

Ойын барысында ресейлік клубтан Эмил Петтерссон (12-минут) және Дмитрий Вишневский (32-минутта) екі голмен жауап қайырды. 

Еске салсақ, Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысы бірінші кезеңінде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен шеберлік байқасады. 

Ойындар 13 ақпан аралығында  болады. 

Жеңімпаз бір команданың төрт мәрте жеңіске жетуіне дейін жалғасады.