23 шіл, 2021 сағат 13:28

ХОК: Олимпиадасындағы бокс бәсекесі ашық және әділ өтуі тиіс


Токио Олимпиадасындағы бокс бәсекесі мейілінше ашық және әділ өтуі тиіс. Бұл туралы Халықаралық Олимпида комитеті комиссиясының басшысы Ленни Эбби мәлімдеді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.

«Біз үшін барлығы ашық және әділ болғаны маңызды. Сондықтан, біз көптеген жұмыс атқарды. Барлығы жоғары деңгейде өту үшін қосымша процедуралар өткіздік», - деді ол. 

Айта кетелік, 2018 жылдың 30 қарашасында ХОК Олимпиададағы бокс бәсекесін уақытша тоқтатып қойды. Кейін ХОК боксты Олимпиадада қалдыру туралы шешім қабылдады, алайда, АІВА ХОК талаптарын орындамағы үшін уақытша шеттетілді.