05 ақп, 2018 сағат 09:10

ХОК әуесқой боксты Олимпиада бағдарламасынан алып тастауы мүмкін

Халықаралақ Олимпиада комитетін (ХОК) 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасынан әуесқой боксты алып тастауы мүмкін. Мұндай шешімді ХОК отырысынан кейін комитеттің президенті Томас Бах айтты. Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлады.

"Бокс 2020 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енбеуі мүмкін. Біз әлі де боксты 2020 жылғы жастар арасындағы Олимпиада ойындары мен Токиодағы Олимпиада ойындарының бағдарламасынан алып тастау туралы мәселені қарастырамыз", – деп келтіреді Бахтың сөзін "Р-Спорт" порталы. 

Сонымен қатар, Бах Халықаралық бокс ассоциясында (AIBA) проблема көп екенін айтты. Нақтырақ айтсақ, басты мәселе – Олимпиада ойындарындағы төрешілер. Оның айтуынша, 2016 жылы Риода өткен Олимпиадада екі жекпе-жек күмән келтіреді екен. 

Оның бірі ресейлік Евгений Тищенко финалда қазақстандық Василий Левитті жеңген кездесу болса, екіншісі тағы бір ресейлік боксшы Владимир Никитин мен ирландиялық Майкл Конлан арасындағы кездесу. 

"Біз AIBA әділдігіне уайымдап отырмыз. Біз ХОК-тың этика жөніндегі басшысынан есеп алдық. Сондай-ақ ұйымның спорттық директорының да есебін көрдік. Оның қорытындысы бойынша, желтоқсан айында AIBA-ны қаржыландыруды уақытша тоқтату деген шешімді күшінде қалдыратын болып шештік. 

МОК-тың атқарушы комитеті AIBA-ның басқармасы, қаржысы, төрешілері және допингке қарсы күресіне көңілдері толмайды. Сол үшін де МОК боксты Буэнос-Айресте өтетін жастар арасындағы Олимпиададан және 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатыстырмау туралы шешім қабылдауға толық мүмкіндігі бар.

Бұған дейін AIBA бізге күмән келтірген жекпе-жектер туралы есеп берген болатын. Желтоқсан айында шығарған шешімнің басты себебі – төрешілер болып еді. Сондықтан біз көбірек ақпарат алу үшін көбірек ақпарат беруді сұрадық. Олимпиадада тіркелген нәтижелердің барлығы да шын екеніне көзімізді жеткізгіміз келеді", – деп келтіреді Бахтың сөзін "СЭ" басылымы insidethegames.biz порталына сілтеме жасап. 

Еске салайық, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының финалында Левит төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімі бойынша Тищенкодан жеңілген еді. Бірақ жекпе-жектен кейін жанкүйерлер төрешілердің шешіміне наразылығын білдірді. 

Өткен жылдың соңында Халықаралық әуесқой бокс федерациясының (AIBA) президенттік қызметін 11 жыл атқарып келген Чинг-Куо Ву қызметінен босатылды. Оған себеп парақорлық және ұйым өкілдерінің тарапынан тағылған бірнеше айып болды. Қазіргі уақытта AIBA президенті қызметін уақытша Орталық барлау бюросының бақылауында жүрген өзбекстандық азамат Гафур Рахимов атқарып жатыр.