12 ақп, 2024 сағат 18:03

ХҚКО басшылары мен қызметкерлері ұсталды

Фото: Ашық дереккөз

Жамбылдық полицейлер Жамбыл, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады "Ұлт ақпарат" Жамбыл облыстық прокуратурасына сілтеме жасап.


Күдіктілер ақшалай сыйақыға жүргізуші куәліктерін ұзақ уақыт бойы заңсыз беріп келген.

Жамбылдық полицейлер Жамбыл, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топты ұстады.


Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүргізушілерге куәліктерді емтихансыз заңсыз берді деген күдікке ілінді.


Полиция жүргізуші куәлігін сатудың 35 фактісін анықтады.


"Қылмыстық схемаға ХҚКО қызметкерлері және Жамбыл, Түркістан облыстары, Алматы және Шымкент қалаларының жүргізуші куәлігін алғысы келетін клиенттерді іздеумен айналысқан "көмекшілер" кірген. Құжаттар Тараз қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімделіп, берілген", - дейді ведомство.



12 ақпанда күдіктілер жұмыс орындары мен тұрғылықты жерлерінде құрықталды. Оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен лауазымды адамдары бар.


"Тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жүргізуші куәлігін заңсыз берудің 35 дерегі анықталып, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен орындаушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді ПД баспасөз қызметі.