08 қар, 2016 сағат 11:50

Хасенов өз қызметінен әлі босатылған жоқ - Мырзаxметов

- Үкіметтің бүгінгі отырысынан кейін журналистерге сұxбат берген Премьер-министрдің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзаxметов парамен ұсталған ветеринарлық бақылау басшысының әрекетіне қатысты өз ойын жеткізді. Оның айтуынша, Сақташ Хасенов өз қызметінен әлі босатылған жоқ, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Үкімет үйінен.

«Ол заңды бұзды. Бұл - оның жеке жауапкершілігі. Демек, заң бойынша жауап беруі тиіс. Қазір тергеу жүріп жатыр. Оның кінәсі дәлелденетін болса, министрлік оны не үшін қорғауы тиіс? Әрине, бұндай фактінің орын  алуы - өкінішті жағдай. Себебі министрлік ветеринарлық қызметті күшейтеміз деп жатқанда дәл осы салада ондай әрекеттің болғаны орынсыз», - деді А.Мырзаxметов.

Министрдің айтуынша, Хасеновтың қатысуымен елімізге жеткізілген құс етінен қауіптенудің қажеті жоқ. Себебі аталған тауардың барлығы тиісті тексеру шараларынан өткен.

«Кез келген ауыл шаруашылығы өнімдері тиісті тәртіппен тексеріледі. Сондықтан ол еттің ішінде қауіпті өнім бар деп айтуға болмайды. Хасеновтың өзі қызметінен әлі босатылған жоқ. Себебі осындай жағдайда сот шешімі шықпай, оны жұмыстан босатуға болмайды. Соңғы сөзді сот айтады. Әрине, бүгінде ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар кезінде осындай жағдайдың орын алғаны өкінішті», - деп атап көрсетті министр.

Еске сала кетсек, 4 қарашада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы пара алды деген айыппен ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновті ұстаған болатын. Оның заңсыз қамқорлығымен осы жылғы наурыз бен қазан аралығында ел аумағына 7,4 мың тоннадан астам құс еті әкелінген және сол қызметі үшін ірі көлемде пара алған деп айыпталып отыр.