31 шіл, 2024 сағат 11:40

ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Хания Тегеранда өлтірілді


ХАМАС саяси бюросының басшысы Ханияның қаза болғанын растады және ол Тегерандағы резиденциясына Израиль шабуылы кезінде қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл мәлімдемені түрлі БАҚ хабарлады.

Иран билігі Тегеранда ХАМАС саяси бюросы басшысының өлтірілуін тергеп жатыр, деп хабарлайды Tasnim агенттігі КСИР-ға сілтеме жасап.

Айта кетейік, мұның алдында Хания Тегеранда президент Пезешкианның инаугурациясына қатысқан болатын.

Израиль армиясының өкілдері CNN арнасына ХАМАС саяси бюросының басшысы Ханияның Тегеранда өлтірілуі туралы жаңалыққа түсініктеме беруден бас тартып, "шетелдік БАҚ хабарламаларына жауап бермейміз" деп мәлімдеді.

Ақ үй болса, ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Хания қайтыс болғаны туралы хабарламалардан хабардар екенін мәлімдеді. Бұл туралы Ақ үй өкілі CNN арнасына хабарлаған.

Палестина президенті Махмуд Аббас Ханияның өлтірілуін қатаң айыптап, "қорқақ әрекет" деп атады.