Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) КХДР Ұлттық Олимпиада комитетінің қызметін 2022 жылдың соңына дейін тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
КХДР құрамасы 23 шілде - 8 тамыз аралығында өткен Токио Олимпиадасына қатысқан жоқ.
«Ойындарға тек КХДР қатысқан жоқ. Олар жарғыны бұзды, өз міндеттерін орындамады. Біз КХДР ҰОК-тен 2022 жылдың соңына дейін шеттету туралы шешім қабылдадық. ХОК дисквалификалау уақытын қайта қарау құқығын өзіне қалдырады», - деді Томас Бах Халықаралық Олимпиада комитетінің YouTube-тегі каналында өткен баспасөз мәслихатында.
«КХДР ҰОК уақытша тоқтату кезінде ХОК қолдауына немесе оның бағдарламаларының іске асырылуына үміт арта алмайды.
Егер КХДР спортшылары іріктеу жарыстарының қорытындылары бойынша Бейжіңдегі Олимпиада ойындарына іріктелсе, ХОК атқару комитеті кейіннен осы спортшыларға қатысты тиісті шешім қабылдайтын болады», - деп атап өтті ол.