21 ақп, 2020 сағат 13:30

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» іс-шаралары онлайн режімде өткізіледі - АҚДМ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысы бастамашылық еткен, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу шеңберінде іс-шараларының Министрліктің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарда онлайн-көрсетілімін іске қосады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Онлайн-трансляциялар өткізуді қамтамасыз ету мақсатында Министрлікте тиісті кесте бекітілген, оған министрлік өткізетін 15 өзекті ашық іс-шаралар (отырыстар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, форумдар және т.б.) енгізілген.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасының негізгі мақсаты мемлекет пен халық арасында сындарлы диалог орнату болып табылады.

Мемлекеттік аппарат қызметіндегі проблемалар көбінесе азаматтар мен шенеуніктер арасындағы кері байланыстың болмауына байланысты екені жасырын емес.

Іс-шаралардың онлайн трансляциялары Министрліктің ресми интернет-ресурсында, Facebook және Youtube әлеуметтік желілерінде қолжетімді болады.

Сонымен қатар, Интернет пайдаланушылары онлайн-трансляция барысында өз пікірлерін қалдыра алады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда әр апта сайын онлайн режімінде Үкімет отырыстары, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің жалпы отырыстары, сондай-ақ «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңға сәйкес жыл қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың алқа отырыстары трансляцияланады.