«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ активтерді қолдану департаментінің директоры Айжан Қасенова кей кәсіпкерлерге 42 500 теңге жәрдемақы неге берілмегенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Барлық деректер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. Барлық дерек салық, мемлекеттік кіріс органдарында тіркелген», - деп атап өтті А. Қасенова Нұр-Сұлтан әкімдігі ұйымдастырған онлайн брифингте.
Спикердің айтуынша, барлық деректер Мемлекеттік кірістер комитеті жүйесі арқылы тексеріледі.
«Шектеу шараларын енгізу кезінде көптеген жеке кәсіпкерлер кассалық аппараттарын өткізуі қажет еді. Егер дер кезінде осы жұмыстарды атқармаса, 42 500 теңге беруден бас тартса, 5 шілдеде енгізілген деректерді тексеру қажет», - деді Айжан Қасенова.