14 сәу, 2020 сағат 07:53

Кешенді жекешелендіру: Қазақстанда 6 нысан 3,2 млрд теңгеге сатылды

Кешенді жекешелендіру жобасы аясында 6 нысан 3,2 млрд теңгеге сатылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

«2016-2020 жылдардағы кешенді жекешелендіру жоспарының іске асырылуы 93,2 пайызды құрады. 2020 жылға 68 нысанды сату жоспарланған. Оның 37-сі сатылуға қойылды. Есепті кезеңде 6 нысан 3,2 млрд теңгеге сатылды. 31 нысан сауда-саттыққа шығарылды», - деді ол. 

Оның дерегінше, 3 нысан қайта ұйымдастыру және таратуға жіберіліп отыр. 

«28 нысан жылдың аяғына дейін сатылуға шығарылады», - деді Әлихан Смайылов.