06 қаң, 2026 сағат 17:11

Кентаудағы жарылыс: бір науқастың жағдайы ауыр

Фото: видеодан скриншот

Түркістан облысының Кентау қаласында қоғамдық тамақтану орнында болған жарылыс салдарынан жарақат алған үш адам Шымкент қаласындағы медициналық мекемелерге жеткізілді, деп хабарлайды Ult.kz.

Денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, 20 жастағы жігіт ауыр жағдайда Кентау қалалық орталық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның хәлі әлі де ауыр екенін айтып отыр.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 1 қаңтарға қараған түні бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханада болған. Газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан өрт шығып, оқиға орнында жұмыс істеген 18 жастағы бойжеткен көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі деңгейдегі жарақат алған.