05 қыр, 2020 сағат 11:31

«ҚазТрансГазАймақ» Шымкент тұрғындарына 166 млн теңгені қайтарып береді

Шымкент тұтынушыларына монополист қызметі үшін 166 млн теңгеден астам қаражат қайтарылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкенттік өндірістік филиалы көрсететін қызметтерідің бірін тегін көрсетуге қол жеткізді. 

Тұтынушылардың өтініші негізінде жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкенттік өндірістік филиалына қатысты жеке шкафты газ реттеу пунктерін іске қосу-реттеу үшін ақы алуды тоқтату және негізсіз алынған табысты тұтынушыларға қайтару туралы нұсқама шығарды. 

Субъект нұсқамаға Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына шағым түсірді, алайда сот шағымды қанағаттандырмады. 

Шымкент қалалық соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі күшінде қалды. 

Енді газ тұтынушыларына жеке шкафты газ реттеу пункттерін іске қосу үшін ақы төлеудің қажеті жоқ, ал «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ-ы әрекетінен зардап шеккен тұтынушыларға жалпы сомасы 166 680 500 теңге қаражат қайтарылады.