14 қар, 2018 сағат 10:06

Қазпошта қызметтерін одан әрі жақсарту мәселелері талқыланды

«Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов компанияның Алматы облысындағы өкілдерімен кездесті. Онда пошталық бөлімшелер, почтальондар мен операторлар, сондай-ақ, қызметтерді жетілдіру туралы сөз қозғалды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Бүгінде Алматыдағы филиалда 2 мыңнан астам адам қызмет етеді. Олар пошталық байланыстың 528 өндірістік нысанында қызмет ұсынады.  Франчайзинг модельі бойынша 19 сәлемдемелер супермаркеті мен 6 серіктес-бөлімшелер жұмыс істеп тұр.  Мұнда 57 қалалық, 311 ауылдық пошта бөлімшелері бар. Бұған қоса, 51 төлем қабылдау пункттері мен 99 пошталық байланыс пункттері бар», – деп жазды С. Сәрсенов.

Оның айтуынша, кездесуде қаралған мәселе көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру.

«Бұл біздің тұтынушылық қатынастардағы басты басымдықтарымыз. Егер қызметкерлер қызмет көрсету тәсілін өзгерткісі келмесе, біздің компаниямызбен ұсынылған барлық технологиялар пайдасыз болар еді. Ең бастысы, біздің әріптестерімізге жеткізгісі келетініміз - алғашқы нәтижелер көрінетін кезде қол жеткізілген жетістіктермен тоқтап қалмау. Тұрақты нәтижелер үздіксіз қозғалысқа байланысты», – деді Басқарма төрағасы.

Айта кетейік, «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы өткен жексенбіде Алматыға жұмыс сапарымен барып, облыстағы пошта өкілдерімен кездескен болатын. Онда қызметкерлердің сөздері тыңдалып, жаңа сервистер талқыланған.