Еліміздің төрт облысында аптап ыстық пен қатты жел болуы мүмкін. "Қазгидромет" РМК өкілдері алдағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды.
12-13 шілде күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, шаңды дауыл тұрады.
12 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, найзағай кезінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанып отыр.
12 шілде күні күндіз Атырау облысының кей жерлерінде 41 градус аптап ыстық болады.
12 шілде күні күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде 41°С қатты ыстық сақталады.