Фото: vk.com
Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасалды, - деп хабарлайды Қазгидромет.
"13 наурызда Өскемен, Шымкент, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.