13 ақп, 2026 сағат 11:36

Қазан соты Исус Христосты есімін өзгертуге міндеттеді


Фото: Ресей Федерациясының Татарстан Республикасы бойынша Сот приставтарының федералдық қызметі басқармасы

Қазан соты прокуратураның талап-арызы бойынша аты-жөні Исус Петрович Христос болып өзгертілген тұрғынға шынайы есімін қайтаруды АХАТ органдарына міндеттеді, деп хабарлайды Ult.kz.


Сондай-ақ прокуратура мұндай әрекеттер адамдарды жаңылыстырып, өзгертілген есімді Иисус Христостың тұлғасымен байланыстырады деп есептейді. Бұл — дін ұстанушылардың сезімін қорлау.

«Енді қазандық азамат жаңа құжат алып, Евгений Петрович Чекулаев есіміне қатысты бұрын болған жазбаны қалпына келтіруге мәжбүр болады», — делінген хабарламада.


2025 жылы ол өз үйіне 45 мигрантты заңсыз тіркеуге қойғаны үшін бірнеше рет сотталған. 

Бұған Әділет министрлігінің қорытындысы негіз болған. Қорытындыға сәйкес, діни себептермен есім ауыстыруға рұқсат етілмейді және бұл азаматтың ажырамас құқығы болып саналмайды.