14 қаз, 2025 сағат 14:47

«Қазақтелеком» деректерді талдау мен жас мамандарға үміт артады


Деректерді талдау мектебі ұйымдастырған CareerBoom митапында «Қазақтелеком» сарапшылары болашақ мамандармен телекоммуникация және цифрлық технологиялар саласында мансап құру тәжірибесімен бөлісті. Компания жас мамандарға үлкен деректермен жұмыс істеу – басқару шешімдері мен жаңа мүмкіндіктердің негізіне айналатынын көрсетті.

CareerBoom – бұл Деректерді талдау мектебінің бизнес және технология серіктестерімен бірлесе өз студенттеріне арнап өткізетін кездесулер сериясы. Алты жыл ішінде мектеп бүкіл Қазақстан бойынша 20 мыңнан астам студентті оқытып, телеком және IT-компанияларын қоса алғанда, жүздеген корпоративтік клиенттермен ынтымақтасты.

Кездесу барысында студенттер тәжірибеден өту, жалақы және жоғары мансапқа жету жөнінде белсене сұрақтар қойды. Компания үшінші курс студенттерін тәжірибеден өтуге шақырды, ал жұмысты іліп әкете алған практиканттар көп жағдайда қызметке тұра алатынын атап өтті.


«Бүгінде IT және сараптама – жай ғана код пен кесте емес, деректердің құндылығын көрсетіп, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін құрал. Біз қызығушылығы зор, өзін-өзі дамытуға құмар жастарды іздейміз. Бізде қарапайым студенттік жобадан бастап, бірнеше жылдан кейін өз жобаңды басқаруға болады», - деп атап өтті «Қазақтелеком» АҚ Цифрлық бизнес дивизионының EX-директоры Дина Шагина.

2018 жылдан бастап «Қазақтелеком» Big Data бағытын жүйелі түрде дамытып келеді. Компанияның әрбір ірі бизнес-бағытында үлкен деректермен байланысты міндеттерді іске асыруға жауапты бөлімшелер құрылды. Осы бөлімшелердің тиімді жұмыс істеуі үшін бірыңғай корпоративтік деректер қоймасы (Big Data) құрылып, есептілікті басқару бөлігінде IT-жүйелердің құрылымы жасалды. Мысалы, бүгінде Деректерді талдаудың арқасында компания клиенттердің қажеттіліктерін жақсы түсінеді, жеке шешімдерді ұсынып, өз желілерінің жұмысын оңтайландырады. 


Осы жұмыстың барлығын «Деректер фабрикасы» департаменті жүзеге асырады. Ол сараптама құралдарын дамытып, процестерді стандарттау және компаниядағы Data-driven басқару мәдениетін қалыптастыруға жауап береді. 

«Қазақтелеком» телеком-саласының болашағы техникалық білімді сараптамалық оймен ұштастыра алатын мамандардың қолында деп сенеді. Сондықтан компания CareerBoom сияқты білім беру бастамалары мен митаптарына белсене қатысады, мұндай шаралардың арқасында дарынды студенттерді тауып, оларға IT және деректерді талдау саласында алғаш қадамдарын жасауға көмектеседі, одан әрі биік мансап жолына жетелей бермек.


«Қазақтелеком» АҚ
«Коммуникациялар және брендті ілгерілету департаменті»