8–10 тамыз күндері Астанада «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының X мерейтойлық спартакиадасы өтті. Бұл ауқымды спорттық іс-шара (14 спорт түрі, 1000 астам адам) Жұмысшы мамандықтар жылына орайластырылған. «Қазахтелеком» АҚ атынан әртүрлі өңірлер мен компанияның өндірістік, техникалық қызметтері және сервис орталықтарын қоса алғанда, түрлі бөлімшелердің қызметкерлерінен құралған команда қатысты. Біздің спортшылар футзал, киберспорт, үстел теннисі, дартс, шахмат, қол күресі, жүзу және басқа да спорт түрлерінен бақ сынасты.
Командалық есептің қорытындысы бойынша «Қазахтелеком» АҚ құрамасы 4-орынды иеленіп, жоғары дайындық пен үйлесімді ойын көрсетті. Бірінші орындар киберспорт, футзал спорт түрлерінен жүлделі болды, сондай-ақ 35–39 жас аралығындағы ерлер арасындағы жүзу бойынша (Абдразақов Мадиар Жанатұлы) иеленді, күміс жүлдені Құлмағамбетов Дастан Жәгiпарұлы (қол күресі, ерлер – 80 кг дейін), Дастанқызы Назерке (жүзу, әйелдер 30–34 жас) және Аюпова Галия Шамильқызы (жүзу, әйелдер 45–49 жас) алды. Қола жүлдегерлер – Давыденко Кристина Эдуардқызы (қол күресі, әйелдер – 65 кг дейін) және Друновская Надежда Александровна (жүзу, әйелдер 18–24 жас).