14 қаз, 2025 сағат 14:50

«Қазақтелеком» АҚ - NEW VISION 2025 халықаралық форумының техникалық серіктесі



Алматы қаласында NEW VISION 2025 халықаралық бизнес-форумы өз жұмысын аяқтады. Іс-шара технологиялар, экономика және креативті индустриялардың болашағын талқылауға арналған Еуразия кеңістігіндегі басты диалог алаңдарының біріне айналды. Форумға әлемнің түкпір-түкпірінен бизнес көшбасшылары, инвесторлар, ғылыми орта мен шығармашылық индустрия өкілдері қатысып, ынтымақтастық пен идеялар алмасудың жаңа көкжиектерін айқындады.

«Қазақтелеком» АҚ форумның ресми техникалық серіктесі ретінде алаңды сенімді цифрлық инфрақұрылыммен және үздіксіз байланыспен қамтамасыз етті. Заманауи талшықты-оптикалық шешімдер мен резервтік байланыс арналарының арқасында барлық іс-шаралар жоғары технологиялық деңгейде, үзіліссіз және кідіріссіз өтті.

Биылғы форумның негізгі тақырыбы - инновациялар мен креативті экономиканы дамыту. Пленарлық отырыстар мен панельдік пікірталастарда цифрландыру, тұрақты даму, жасанды интеллект және бизнес пен қоғамның өзара ықпалдасуының жаңа формалары кеңінен талқыланды. Форумның маңызды нәтижелерінің бірі  кино, дизайн, цифрлық контент және ойын индустриясындағы шығармашылық жобаларды қолдауға бағытталған 40 миллион АҚШ долларлық қордың құрылуы болды.

Форум қонақтары «Қазақтелеком» АҚ стендінде компанияның заманауи телекоммуникациялық кеңістіктің мүмкіндіктерін көрсететін жаңа цифрлық сервистерімен танысты. Келушілердің ерекше қызығушылығын TV+ цифрлық телевидениесі тудырды. Бұл - Қазақстандағы ең ауқымды лицензияланған теле және бейне контент каталогын ұсынатын платформа. TV+ қызметі түрлі жанр мен бағыттағы 150-ден астам телеарнаны, Salem Social Media компаниясының эксклюзивті сериалдарын, сондай-ақ Disney студиясының аңызға айналған фильмдері мен мультфильмдерін біріктіреді. Сонымен қатар, платформада қазақ тіліндегі 1000-нан астам фильм мен сериал бар.

Қызмет Smart TV теледидарларынан бастап мобильді қосымшаларға дейін әртүрлі құрылғыларда қолжетімді және ыңғайлылықты, жоғары сапаны әрі ұлттық контентті үйлестіретін заманауи, түсінікті пайдаланушылық тәжірибені ұсынады.

Форум қатысушылары сондай-ақ барлық негізгі байланыс қызметтерін біріктіретін Telecom KZ мобильді қосымшасын сынап көрді. Қосымша арқылы қызметтерді қосу, тарифтерді басқару, төлем жасау және компанияның цифрлық сервистеріне қол жеткізуге болады.

Сонымен қатар, қонақтар назарын 10G интернет технологиясының таныстырылымы аударды. Бұл - аса жоғары жылдамдықтағы байланыс дәуірін ашып, болашақ желілерінің сапасы мен тұрақтылығының жаңа стандарты болып табылады.

«Қазақтелеком» АҚ Қазақстанның цифрлық экожүйесін дамытуға және азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған инновациялық шешімдерді дәйекті түрде енгізіп келеді. NEW VISION 2025 форумына қатысу компанияның елдің технологиялық трансформациясындағы жетекші рөлін және Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретіндегі мәртебесін нығайтудағы үлесін тағы бір мәрте айқындады.


«Қазақтелеком» АҚ коммуникациялар
және брендті ілгерілету департаменті