02 қыр, 2025 сағат 12:03

«Қазақтелеком» АҚ мен Атырау кабель зауыты Қазақстанда оптикалық-талшықты желіні дамыту үшін әріптестікті нығайтуда


«Қазақтелеком» АҚ клиенттерді ескірген мыс желісінен заманауи оптикалық талшыққа ауыстыруда. Бұл шара интернетке жоғары жылдамдық беріп, тұрақтылығы мен сенімділігін арттырады.

2025 жылы компания 64000 тұтынушыны талшықты желіге қосуды жоспарлап отыр. Ол үшін отандық өндірістің жоғары сапалы кабелді сымы пайдаланылатын болады. Бұл жобадағы басты серіктестердің бірі Атырау кабель зауыты болды. Оның өнімдері ең жоғары сапа стандартына сай келеді.

Ынтымақтастықты нығайту аясында «Желі» бірлестігі» дивизионының Желіні пайдалану жөніндегі директоры Ғазинұр Райымханов зауыт өндірісін көріп қайтты. Ол оптикалық кабель жасау процесімен танысып, кәсіпорын өкілдерімен ортақ міндет, болашақ жоспарларды талқылады.

«Біз үшін клиенттерге ұсынатын қызметтің сенімділігі мен сапасы негізгі басымдық болып табылады. Сондықтан тек жіті тексеруден өткен жабдықтар мен кәбіл өнімдерін, оның ішінде Атырау кәбіл зауыты шығаратын өнімдерді таңдаймыз», - деп атап өтті Раимханов Газинур.


«Қазақтелеком» АҚ отандық технологияларға сүйене отырып, желілік инфрақұрылымды жаңғыртуды жалғастыруда.


«Қазақтелеком» АҚ Коммуникациялар және

брендті ілгерілету департаменті