Қазақстан қор биржасы (KASE) үш банк – Tengri Bank, AsiaCredit Bank және Capital Bank Kazakhstan ерікті түрде қайта құрылатынын хабарлады.
Шешім 31 мамырда акционерлердің бірлескен жалпы жиналысында қабылданады.
"Қайта құру "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ мен "Capital Bank Kazakhstan" АҚ-ның "Tengri Bank" АҚ-ға қосылуы түрінде өтеді", - деп жазылған KASE сайтында жарияланған ақпаратта.
31 мамырдағы жиналыста банктерді біріктіру туралы шарт, акциялардың айырбас коэффициенті бекітіледі, сондай-ақ акцияларды сатып алу тәртібі мен мерзімдері анықталады.
Айта кетейік, 2018 жылдың шілдесінде Қазақстандағы екі ірі банк – Halyk bank пен Qazkom-ды біріктіру аяқталды. Qazkom-ның барлық мүлкі, құқығы мен міндеттемесі "Халыққа" берілді.