Қазақстан Чемпиондар Лигасындағы бірінші біліктілік раундынан кейін УЕФА-ның коэффиценттер рейтингіндегі 27-ші орнын сақтап қалды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті хабарлады.
Маусым айында шыққан өткен рейтингіге қарағанда, жаңарған рейтингіге 2017/2018 маусымнан бастап қазіргі – 2021/2022 маусымға дейінгі коэффиценттер қосылған.
Коэффицент ағымдағы маусымның ортақ мәні (жиналған балдардың ортақ саны еуромаусымға қатысып жатқан қауымдастық клубтарының санына бөлінеді) мен өткен төрт маусымның нәтижелерін қосады. Коэффиценттері тең болған жағдайда, өткен маусымда коэффиценті жоғары болған қауымдастық жоғары орынды алады.
УЕФА коэффиценттерінің кестесі:
1. Англия – 87.926 (2.285)
2. Испания – 80.570 (2.857)
3. Италия – 63,473 (2,285)
4. Германия – 61,284 (1.333)
5. Франция – 42.998 (1,333)
6. Португалия – 41,799 (0.800)
7. Нидерланды – 30.900 (0.800)
8. Ресей – 29.982 (0.800)
9. Шотландия – 29.000 (0.800)
10. Австрия – 28.450 (0.800)
......
25. Румыния – 15.150 (0.250)
26. Мажарстан – 14.375 (0.750)
27. Казахстан – 13.250 (0.375)
28. Әзірбайжан – 12.875 (0.250)
29. Словения – 13.000 (1.000)
Жақша ішінде маусымдағы рейтингі көрсетілген.