Ақтау, Қарағанды, Павлодар, Қостанай қаласына беларусьтық «Белавиа» әуе компаниясының рейстері ашылады, – деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі таратқан ақпараттарға қарағанда, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жаңа халықаралық бағыттар ашу бойынша ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті жүйелі жұмыс жүргізуде. Сонымен, Комитет пен Беларусь Республикасының авиациялық билік орындары арасындағы қол жеткізілген келісімдерге сәйкес 2019 жылы желтоқсанда Акаба (Иордания) қаласында (ICAN 2019) әуе қатынастары туралы келіссөздер жүргізу бойынша өткен Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) жыл сайынғы кезекті конференциясында «Белавиа» әуе компаниясы Қазақстанның қалаларында бірқатар рейстер ашады.
Әуе компаниясында 2020 жылдың жазғы уақытында ұшатын Минск-Ақтау, Минск-Қарағанды, Минск-Павлодар және Минск-Қостанай рейстеріне билет сату басталды. Қазіргі уақытта «Белавиа» әуе компаниясы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына жыл бойы ұшатын рейстерді жүзеге асыруда. Сондай – ақ, биылғы жылдың шілде айынан бастап Минск-Алматы бағытындағы рейстер күн сайын ұшатын болады.